01.10.2024, 19:20

«Қатаң айыптаймыз»: Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Судандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Фото: gov.kz / Сыртқы істер министрлігі

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы арнасында жазылды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Судандағы дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2024 жылғы 29 қыркүйекте Судан астанасы Хартумдағы Біріккен Араб Әмірліктері дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылын қатаң айыптады.

Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз.

Мұндай әрекеттер 1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 22-бабында кепілдік берілген дипломатиялық өкілдіктерге қол сұғылмаушылық негізгі қағидасын бұзады және барлық қатысы бар тұлғалардың жауапкершілікке тартылуымен толық тергеу жүргізуді талап етеді", - делінген хабарламада.