Ал 1984 жылы туған үй иесі ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Қайғылы оқиғаның болуына жылытатын пештегі ақау себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарлама 1 қазан күні сағат 15.53-те түскен.
«Черноярка ауылында қатты отынмен жылытатын пештің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан 1984 жылы туған үй иесі ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды. Екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі, 1990 жылы туған әйелі сол жерде қайтыс болды. Оларды туыстары тауып алған», – дейді департаментте.
Ведомствода жылыту кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді: жылыту пештерін іске қоспас бұрын тексеріп, жөндеу қажет. Үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы басталар алдында мұржалар мен пештерді күйеден тазарту керек