$ 494.87  520.65  4.91

Астанада 43 жастағы мұғалім оқушы қыздарға қырындап, жұмыстан қуылды (ВИДЕО)

Тарих пәнінің мұғалімі сынақ мерзімінде болған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астананың 32-ші гимназиясында 43 жастағы тарих пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушыларына қырындады деп айыпталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Мұғалім оқушы қыздарға кешкі сағат  21:00-ден кейін WhatsApp-та сезімдерін білдіріп хат жазған. Бұл оқиғаны оқушылардың ата-аналары әшкере қылған.

Ол мектепте 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап жұмыс істеген. Тарих пәнінің мұғалімі сынақ мерзімінде болған.

Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша педагог 30 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 14-тармағы 52-ші бабы аясында жұмыстан босатылған.

«Бүгінгі таңда қалалық полиция департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етілмейді»,- деп хабарлады Астана қаласы білім басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары