$ 480.11  532.25  5.14

Антикор өкілі экс-министр Бекетаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Бұл істер құпия тергеліп жатыр. 

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Антикор басшысының орынбасары Ұлан Сарқұлов бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері Сарқұловқа «Болашақ» консалтинг компаниясының бас директоры Марат Бекетаевтың ісіне қатысы бар ма?» деп сұрақ қойды. 

«Істерде «Құпия» белгісі бар, өйткені бұл миллиондаған доллар жұмсалған (мақсатқа сай жұмсалмағанын айтады – ред. ескертпесі) және өз шешімін таппаған арбитраждық мәселе, қаражат (талан-таражға салынды – ред. ескертпесі) республиканың пайдасына жұмсалмады. Қазір тиісті тергеулер жүргізіліп жатыр. Бұл істер құпия тергеліп жатыр. Мен дәл қазір бір немесе екі түрлі іс деп айта алмаймын. Істер бар», - деді Сарқұлов.

Оның айтуынша, Антикор бұл істерге құқықтық баға береді.

Еске салсақ, Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған.

Былтыр 23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары