$ 495.2  522.34  4.94

Қостанай облысында 16 жастағы бозбала 10 жылға сотталуы мүмкін

 Биыл үш мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай облысында 16 жастағы бозбала есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, есірткі жасырушы «синтетика» салынған 25 ораммен ұсталған.

«Есірткі айналымымен күрес виртуалды кеңістікте де жүргізіліп жатыр. Онда биыл үш мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды. Сондай-ақ ІІМ қызметкерлері мен еріктілер күн сайын көшелерде есірткі жарнамаларын өшіріп жүр», - делінген хабарламада.

Салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бес мыңға жуық профилактикалық дәріс өткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары