03.10.2024, 08:30

Нөсер жаңбыр, тұман, аяз: Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Фото: freepik

Еліміздің кей бөліктерінде күн суиды. 

Қазгидромет еліміз бойынша 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне әсерін тигізеді. Ел аймақтарында жауын-шашынсыз салқын ауа райы болады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады. Найзағай болады.

3 қазанда оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, қара аралас жауын жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. 

Республиканың солтүстігі, шығысы және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы 2-8 градус аязға дейін төмендейді.