$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында әйел өз баласын ұрып өлтірген

Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Өз баласын ұрып ұрып өлтірді деп күдікке ілінген әйел Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Алматы облысының Боралдай ауылында болғаны анықталды.

Осф оқиғаға байланысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

«Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары