«Кісі өлтіру бабы» бойынша бес адамға қарсы қылмыстық іс қозғалды: мектеп директорынан бөлек, «қара дуа» мен тантрикалық рәсімдерге сенген марқұм баланың әкесі мен үш мұғалімге қатысты тергеу жүргізілуде.
Үндістанда мектеп директоры мен мұғалімдері 2-сынып оқушысын құрбандыққа шалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Times of India және The Economic Times басылымдарының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға 23 қыркүйекте Үндістанның Хатхрас қаласында болған. Полиция тіркеген материалдарда таңертең мектеп қызметкері мен жатақханада тұратын басқа оқушылар құрбандыққа шалынған баланы оята алмаған. Ол төсегінде өлі күйде табылған. Баланың ата-анасына перзентінің ауырып қалғаны айтылған. Ал мектеп директоры Динеш Багел оқушының денесін көлігінің жүк салғышына салып, «бірнеше сағат бойы қалада жүріп алған».
Баланың әкесі Делиде орналасқан жеке фирманың бағдарламалық жасақтама инженері Кришан Кушвахи мектепке ұлын іздеп барғанда таппаған. Сондықтан ол полицияға арызданған. Әкесінің арызынан соң полицейлер мектеп директорының көлігін қуып жетіп тоқтатқан. Көліктен табылған оқушының мойын тұсынан тұншықтыру белгілері байқалған. Сараптама қорытындысында баланың жексенбіде, кешкі уақытта тұншығып, көз жұмғанын анықталды.
«Кісі өлтіру бабы бойынша бес адамға қарсы қылмыстық іс қозғалды: мектеп директорынан бөлек, «қара дуа» мен тантрикалық рәсімдерге сенген марқұм баланың әкесі мен үш мұғалімге қатысты тергеу жүргізілуде. Тінту барысында олардан түрлі жөн-жоралғы заттары табылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адамдар баланы ұрлап, «қара магия» рәсімі кезінде өлтірген. Мектебіміз «өркендеп, гүлденсін» деп оны құрбандыққа шалған», - деп жазады Times Of India.
Кейінірек күдіктілер бұған дейін тағы бір оқушыны – 9 жасар баланы өлтірмек болғаны белгілі болды. Ол қашып үлгерген.