$ 492.14  528.85  5.01

Павлодарда 54 жастағы келіншек қарт күйеуін пышақтап өлтірген

Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Фото: frepik
Фото: frepik

1 қазан күні Павлодардағы пәтерлердің бірінен пышақ жарақатынан көз жұмған 72 жастағы қарияның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қанды оқиға сол күні таңғы сағат 10:00 шамасында жанжал кезінде болған. Полиция қарияның 54 жастағы жұбайын «жанжал кезінде кісі өлтіргені үшін» ұстады.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Павлодар облысының Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары