$ 494.87  520.65  4.91

«Апа деуге ауыз бармайды»: Тойда рэпті нақышына келтіріп орындаған зейнеткер жұртты таңқалдырды (ВИДЕО)

Мұндай қиын әнді нақышына келтіріп айтып шығу – өнер.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

61 жастағы зейнеткер тойда танымал “Gangsta's Paradise” әнін орындап, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде жастардың қуанышында Coolio есімді шетелдік әншінің “Gangsta's Paradise” хит әнін орындап, құттықтау жолдаған Мейрамгүл Ходжашеваның видеосы тарады. Зейнеткер мүдірместен әндегі рэп партиясын нақышына келтіріп орындады. Әйелдің рэп орындаған видеосы әлеуметтік желіде 5 миллионнан астам қаралым жинаған. 

Зейнеткердің харизмасы да көпшілікті бейжай қалдырмады. Тойға жиналған қауым да, қалыңдық пен күйеу жігіт те, тіпті асабалар да әйелге қолдау білдіріп, ортаға шықты.

Видеоны көрген желі қолданушылары да таңданысын жасыра алмады.

“Керемет, жарайсыз”, “Ғажап! Бұл әнді айту үшін де дұрыс дем ала білу керек”, “Таңғалдым, мұндай сұлу келіншекті “апа” деуге ауыз бармайды”, “Say Mo қартайған кезде”, “Apa cent”, “Керемет айтып шықты”, “Мұндай қиын әнді нақышына келтіріп айтып шығу – өнер”, “Әпкем 90-жылдары көшені ұстаған-ау”, “Міне деңгей”, “Неткен өнер мен рух”, – деп жазды желідегілер.

Мейрамгүл Ходжашева жастардың қуанышына қонақ болып келіп, өнер көрсеткен екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары