04.10.2024, 00:30

Хәкім Абай қара сөз жазбаған – әдебиеттанушы (ВИДЕО)

Фото: baq.kz

«Қара сөз» атауы  кеңес заманында Мұхтар Әуезов бастаған абайтанушылардың ұсынысымен енгізілген.

Әдебиет зерттеушісі Төреәлі Қыдыр Абай Құнанбайұлының шығармашылығына қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, хәкім Абай қара сөз жазбаған.

«Абай қара сөздер емес, насихаттар жазған», - дейді әдебиеттанушы Төрәлі Қыдыр.

Ал «Қара сөз» атауы  кеңес заманында Мұхтар Әуезов бастаған абайтанушылардың ұсынысымен енгізілгендігін айтады Төрәлі мырза.

Бұған  Орталық ғылыми кітапхананың Сирек қорында сақтаулы 1905 жылғы Абай шығармаларын жинақтап,  жазушы Мүрсейіт Бікеұлы тарапынан жазылған қолжазба дәлел бола алады.