$ 494.87  520.65  4.91

«Өсек айтқанша, дене шынықтыру керек»: 73 жастағы әже турникке тартылып жүр (ВИДЕО)

«Маған олай айтпаңыздар» дедім.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

73 жастағы шымкенттік Гүлсара Әбсаматованың турникке тартылып, жұрттың таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қартайса да қимылы ширақ, санасы сергек женің сөзінше, бұл жаттығудың денсаулыққа әсері зор. Бұл туралы әжей Qazaqstan арнасындағы «1001 түн» бағдарламасына берген видео сұқбатында айтты.

«Бос сөзге уақыт жоғалтпай, спортпен айналысқан дұрыс», - дейді әжей.

Ол күніне 2-3 сағат уақытын жаттыу алаңында өткізеді екен.

«Негізі 5-сыныптан акробатикаға қызығатынмын. Кейін тастап кетіп едік, енді қолға алып жатырмын. Тыңдайтын адам жоқ, әйтпесе спортпен айналысудың денсаулыққа әсері керемет. Ең алдымен миың тынығып, артық ойдан арыласың. Өсек айтқанша, дене шынықтыру керек. Жалғыз жаттығамын. Басында сол жерде жаттығып жүрген ер азаматтар «апа, құлап қаласың» деп алаңдайтын. «Маған олай айтпаңыздар» дедім. Кейін олар менің әріптестерім сияқты болып қалды. Қатарластарымды шақырып жатқан жайым бар, құпия түрде де спортпен айналысыңдар деп айтып жатамын», - деді Гүлсара Әбсаматова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары