03.10.2024, 18:00

Өзіне қол жұмсауға итермелейтін Telegram арналар бұғатталды

Фото: picture-alliance/dpa/A. Shcherbak

Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды. 

Алматы прокуратурасы оқырмандарына өз-өзіне қол салуға тапсырма берген Telegram арнаны бұғатталғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды. 

– Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары тыйым салынған контенті бар Telegram арнаны бұғаттау шараларын қабылдады. Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды. Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.