03.10.2024, 21:30

Астанада күйеуі әйелін ұрып-соғып, кейін өзі 10-қабаттан секіріп кеткен

Фото: baq.kz

Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Астанада ер адам әйелін ұрып-соғып, денесін жарақаттаған. Артынша өзі оныншы қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 1 қазанда түнгі сағат 23:36-да болған. Жұбайлар арасында ұрыс-керіс болған. Ол әйелді темір кілтпен ұрған.

«Полицияға өмір белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар түсті. Тергеу барысында ерлі-зайыпты арасында жанжал болғаны анықталды. Сол кезде ер адам әйеліне дене жарақатын салып, бұдан кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Жәбірленуші әйел ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.

Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.