$ 494.87  520.65  4.91

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін төлемақы 5 миллион теңгеге өседі

Ал тыл еңбеккерлеріне төленетін төлемдер 100 мың теңгеге дейін көбейеді.

Фото: ortalyq.kz
Фото: ortalyq.kz

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін біржолғы төлемнің көлемі артпақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы қала әкімі қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесуде айтты.

Әкімдіктің мәліметінше, келесі жылы ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін, ал тыл ардагерлеріне берілетін төлем 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін артады деп жоспарланған.

"ҰОС ардагерлеріне берілетін біржолғы төлемдерді 5 млн теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігіміз бар. Осы ұсынысты келесі жылдың бюджетін қарау кезінде мәслихатқа енгіземіз", – деді Ерболат Досаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары