04.10.2024, 16:40

Алматы облысында жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапты

Фото: © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі ауыр жарақатынан жан сақтау бөлімінде қайтыс болды.

Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz. Екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі ауыр жарақатынан жан сақтау бөлімінде қайтыс болды.

Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, барлық қатысушыларды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – деп хабарлады департаменттің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.