$ 495.2  522.34  4.94

Қостанай облысында жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, мерт болды

Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tobolinfo-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Қостанай ауданының Садовый кентінде «БК-Строй» кірпіш зауытында болды.

Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.

«26 қыркүйекте Қостанай ауданының Садовый кентінде кәсіпорындардың бірінің аумағында 60 жастағы жұмысшы автоматтандырылған бетон араластырғышқа құлап кетті. Алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полиция.

Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақпаратқа сәйкес, жұмысшы ресми түрде жұмысқа орналаспаған, оның орнына құжаттарға сәйкес қызы тіркелген. Марқұмның артында алты баласы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары