Мені жек көріп, балағаттайтындарға, жас қыздар мен ата-аналарға айтарым: ұл-қыздарыңызды арлы, пәк етіп тәрбиелеңіздер.
Атышулы қазақстандық файтер Қуат Хамитов Вестник ММА YouTube арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты. Спортшы әйелдікке тек пәк қызды аламын” деген ойынан айнымағанын және “жақсы қыз” бен “жаман қыздың” айырмашылығы оның пәктігінде екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Біз жақта жігіттер тәрбие көрген, көше көрген. Тіпті, бізде неке түнінен кейін ақжайманы іліп қоятын салт-дәстүр бар. Жерлестеріміздің бірі пәк қызға үйленбесе, біз онымен араласпай қоятынбыз. Өйткені ол жігітке лайықсыз іс-әрекет жасады. Біз осылай тәрбиелендік. Әйел – ер адамның ар-намысы, бет-бейнесі. Сол себепті мен әлі де болса өз ойымнан айныған жоқпын, айнымаймын да. Мені жек көріп, балағаттайтындарға, жас қыздар мен ата-аналарға айтарым: ұл-қыздарыңызды арлы, пәк етіп тәрбиелеңіздер. Олар өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алатындай болуы керек. Бұл – “жақсы қыз” бен “жаман қыздың” айырмашылығын көрсететін дүние”, – дейді Қуат Хамитов.
Файтер әр адамның су жаңа киім киіп, салоннан тұлпар мінгісі келетінін мысалға келтіріп, әйелдің ондай дүниелерден әлдеқайда құнды екенін айтты.
“Неге біз жаңа әйел алмауымыз керек? Әйел – су жаңа көлік пен киім-кешектен әлдеқайда бағалы. Сол себепті, адамдарға ұнасын-ұнамасын, бұл қалыпты нәрсе. Исламда ер адамдарға да әйеліне пәк күйінде бару керегін айтады. Ондайға жігіттер жоламауға тиіс. Өйткені бұл сенің ұрпағыңа әсер етеді. Егер еркек әр әйелге барса түрлі ауру жұқтырады. Ондай инфекциямен туған бала ауру болып дүниеге келеді. Сондықтан абай болу керек”, – дейді атышулы спортшы.