$ 486.44  534.31  5.06

Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокта (Тайланд) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әлем чемпионы атағы үшін аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты.

Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелген болатын.

Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары