07.10.2024, 15:20

Қостанай облысында төрт бірдей жұмысшы оқыс жағдайда қаза тапты

Фото: iagorod.kz

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Әлеуметтік желіде диірмен қызметкерлерінің қазасы туралы ақпарат тарады.  Төрт адамның биіктіктен құлағаны хабарланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға 6 қазанда болған. 112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласында 5 метр тереңдіктегі бункерді тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде 4 адам төмен түсіп, су бетіне шықпай жатқаны туралы хабарлама түсті.

— Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарды. Жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Бұл фактіні прокуратура растап, полиция тергеу жүргізіп жатқанын айтты.