08.10.2024, 08:30

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: Pixabay

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман болады.

«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, аптаның басында антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына циклон әсер етеді. Салдарынан найзағай мен жаңбыр болады.

9-10 қазанда батыста нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман болады.

Еліміздің батысында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендейді деп болжанған. Ал қалған аумақта күрт өзгерістер жоқ.