Апат кезінде үш адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды.
Жетісу облысында жеңіл көлік “КАМАЗ”-бен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жол көлік оқиғасы Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының 239-шақырымында Toyota Camry және Камаздың қатысуымен болды.
Аймақтық полицияның хабарлауынша, жолаушылар көлігі жүк көлігінің артқы жағымен соқтығысқан. Апат кезінде үш адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды.
"Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.