Шегендеп бекіту алып тасталды.
Әлеуметтік желіде Астанадағы LRT тірегінің жамалған сәті түсірілген суреті тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұрттың назарын аударған фото Telegram-дағы «Астана – Не? Қайда? Қашан?» арнасында жарияланды. Суреттің сипаттамасына «LRT аман болсын!» деп жазылған.
«City Transportation Systems» өкілдері осы жағдайға байланысты түсініктеме берді.
«LRT құрылысы учаскесінде (Ш. Қалдаяқов пен К. Қуанышбеков көшелерінің қиылысында, 114-115 учаскелер аралығында, NR14 тірегінде) монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін шегендеп бекіту орнатылған. Бұл процесс тростардың алдын ала керілуінен кейін жүзеге асырылған. Қазір бетондау жұмыстары аяқталды. Шегендеп бекіту алып тасталды», – делінген ресми хабарламада.
«Көк изолентамен жамау керек еді», «Ойлап таппайтындары жоқ», – деп жазды әлгі суретті көрген желі қолданушылары.