$ 488.11  530.09  5.01

«Қастықпен өлтірді». Арман Дүйсеновтің ұлының қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мақпал Жүнісова Абылай Арманұлын әлдекімдер қастықпен өлтіргенін хабарлап, көңіл айтты.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Бүгін танымал сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды. Алматы полиция департаменті Абылай Арманұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыдан бір жарым жыл бұрын көз жұмған сазгердің ұлы жайлы қаралы хабарды журналист Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді. Көп ұзамай Мақпал Жүнісова Абылай Арманұлын әлдекімдер қастықпен өлтіргенін хабарлап, көңіл айтты.

"Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу, айналайын, Алла сабыр берсін. Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды халық әртісі.

KAZ.NUR.KZ аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаментіне жүгінді.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары