$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысындағы табиғи өрт оқшауланды

Бірақ әзірше елді мекеннен эвакуацияланған 18 адамның нешеуі қайтып оралғаны туралы нақты дерек жоқ.

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағындағы табиғи өрт сөндірілді. Қазір өрттің ауданы анықталып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің әкімі Әлібек Сапабеков Желтау ауылынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар үйлеріне орала бастағанын жеткізді. Бірақ әзірше елді мекеннен эвакуацияланған 18 адамның нешеуі қайтып оралғаны туралы нақты дерек жоқ. Өртке байланысты штаб жұмыс істеп, тікұшақтар барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмат Шанин ауылында қазіргі сәтте эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Еріктілер мен жергілікті мәслихат депутаттары құтқарушыларға азық-түлік, қажетті заттарын жеткізіп берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары