Қыздар, арасына төрт жыл салып бала табыңдар!
Танымал психолог, коуч Роза Әшірбаева әйелдерге араға төрт жыл салып бала босануға кеңес беріп, елдің талқысына түсті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Роза Әшірбаева қазақтың қыз-келіншектеріне тағы бір кеңес айтып, елді елең еткізді.
«Қыздар, арасына төрт жыл салып бала табыңдар. Сонда арасында өзің жұмыс істеп, нарықта сұранысқа ие маман боласың. Үлкенің балабақшада, оған өзің ғана таси бермей, байыңды да жегіп қоясың. Сөйтіп, жұмыс істеп жүріп, тағы көтересің, бесінші жылы туасың. Сол кезде үлкен балаңның екі жыл балабақшада еті үйренген, бірінші кездегідей жылап, ауыру жоқ, үйреніп қалды. Яғни, төртке келген кезде келесі баланы туасың, сорлы қатын осыны да үйрететін болдық қой», — деді коуч.