$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда полиция бастығы жауапқа тартылды

Сонымен қатар прокурордың талабынан кейін заңсыз берілген рұқсаттардың күші жойылып, 4 қару тәркіленді.

Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Түпқараған ауданының Полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Түпқараған ауданының Полиция бөлімі бастығының м.а. қадағалау органының актісін уақтылы қарамағаны үшін Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

Азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат беру кезінде прокурорлар заң бұзушылықтарды анықтады, яғни рұқсаттарды, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған тұлғалардың алғаны белгілі болды.

Аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Түпқараған ауданының Полиция бөліміне ұсыну енгізіліп, заңда белгіленген бір ай мерзімде қаралмаған. Осыған байланысты Полиция бөлімінің басшылығына қатысты тәртіптік іс қозғалды" делінген хабарламада.

Сонымен қатар прокурордың талабынан кейін заңсыз берілген рұқсаттардың күші жойылып, 4 қару тәркіленді.

Прокуратура актілерін қарамау, сол сияқты тиісінше қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетіндігі ескертіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары