$ 494.87  520.65  4.91

«Феминистерді қуғанша, сыра үшін өлтірілген балаға назар аудырыңыз»: Жанар Секербаева Зайытовқа шүйлікті (ВИДЕО)

Өз бейнежазбасында ол елімізде феминисттер мен ЛГБТ-дан басқа мәселелер көп екенін айтты.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

"Feminita" феминистік ұйымының негізін қалаушы Жанар Секербаева өзінің жобасын экстремистік деп тану ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өз бейнежазбасында ол елімізде феминистер мен ЛГБТ-дан басқа мәселелер де көп екенін айтты.

Мен біздің дептутаттардың, парламент мүшелерінің және халық қалаулыларының феминистік, ЛГБТ бастамаларын экстремистік деп тану сияқты істермен айналысатынына таңқаламын. Біздің елімізде көптеген проблемалар бар. Мәселен даладағы малды қырып жатқан өрттерге назар аударуды сұраймын. Бұл біздің көптеген фермерлеріміздің жалғыз күнкөрісі. Бір сыра үшін өлтірілген жігітке назар аударуды сұраймыз. 14 жасар қызды екі немере ағасы зорлаған жайтқа назар аударуды сұраймыз. Біз сізден бәрібір жете алмайтын феминистер мен лесбиянкаларды қуғындаудан гөрі нақты және өзекті проблемаларға назар аударуыңызды сұраймыз. Неге жете алмайсыз? Өйткені біз Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтаймыз. Себебі біз әйелдердің құқықтары туралы айтып отырмыз. Неліктен бәрі «олар экологиямен жасырынып отыр» дейді. Жоқ, бұл біздің көтерген тақырыбымыз еді, ол бұрыннан болған, оған ешкім назар аудармағандқтан, біз бұл тақырыпты көтереміз. Біз Каспийдің қалай жойылып жатқаны туралы айтып жүрміз. Біз қалада қандай ауамен дем аламыз, қандай су ішетініміз туралы айтып отырмыз. Біз осы мәселелерді көтеретін барлық экологиялық белсенділерге қосыламыз, - деді Жанар Секербаева.

Айта кетейік, егер «Феминита» экстремист деп танылса, оның мүшелері KZ аумағындағы қызметі үшін нақты мерзімге кесіледі. Оларды қаржыландыруға болмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары