$ 494.87  520.65  4.91

ҚТЖ-ның еншілес ұйымында 56 млн теңгеден астам қаржы ұрланған

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Фото: rail-news.kz
Фото: rail-news.kz

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" еншілес ұйымында ішкі тексеріс барысында 56 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“Ішкі қызметтік тергеу нәтижелері бойынша “Қазақстан темір жолы” компаниясының еншілес ұйымы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-інде 56 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды", – делінген хабарламада.

ҚТЖ құқық қорғау органдарына қылмыстық-процессуалдық заңнама шеңберінде кінәлі тұлғаларды анықтап, материалдық шығынды өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы өтініш жолдады.

"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚТЖ алдын ала тергеудің бастамашысы ретінде тергеуге толық көмек көрсетуде. Компанияда мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп, кез келген заңбұзушылықтарға қатаң жаза қолданады", – деп атап өтті ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары