$ 492.65  525.71  5.03

Ақмола облысында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кетті (ВИДЕО)

Тексеру үшін оқиға орнына комиссия жіберілді. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Теміржолдың Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кетті. Оқыс жағдай 9 қазан күні сағат 17:40 шамасында болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан теміржолының мәліметінше, жол апаты кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. 

“Апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. Жол апатының себептерін тексеру үшін оқиға орнына комиссия жіберілді”, – деп мәлімдеді ҚТЖ.

Бүгін рельстен шығып кеткен жүк вагондары қалпына келтіріліп, 10 қазан күні сағат 3:50 шамасында Сұрған станциясы бойынша пойыздарды өткізу үшін қозғалыс ашылды.

“Апат салдары жедел жойылды. Есіл және Тобыл станцияларындағы пойыз қозғалысын қалпына келтіру үшін бес бірлік техника және 96 адам жұмылдырылды. Түнгі уақытқа қарамастан, жұмыс тоқтаған жоқ. Оқиға орнында "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссиясы апат себептерін тексеріп жатыр”, – деп жазды Қазақстан теміржолының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары