$ 489.06  536.21  5.05

Алматылық әйел кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

Бұл жайтқа қалалық полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Желіде Алматыда әйел ер адамды өртеп жібергені туралы ақпарат пайда болды. Полиция департаменті өкілдері жәбірленуші қаза болғанын айтып, ақпаратты растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейсенбі желіде алматылық қарттың өрттен қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа қалалық полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

"Медеу аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында анасы өз қызын пышақтағанын хабарлаған едік. Біраз уақыттан кейін оқиғаның жай-жапсары белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары