Алайда тойды онлайн көріп отырған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, қоғамдағы мәселелерге назар аударуды өтінді.
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Тараз қаласында той беріп, ел талқысына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спортшы ұлының сүндет тойы мен қызының тілашар тойын қатар өткізді. Тойға бір топ өнер өкілдері қатысты.
Олимпиаданың алтын медалін иеленген қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов туған жері Таразда дүркіретіп той өткізді. Жаңалықты жеке парақшасында бөлісті. Аталған тойға Елдостың туған-туыстары, танымал әншілер, актерлар, өнер адамдары, спортшылар қатысқан.
Сондай-ақ, той ортасында асаба Сметовті бұған дейін билеген ерекше биін қайталауды сұрады. Сол сәтте оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев екеуі ортаға шығып, биімен елдің көңілін көтерді.
Алайда тойды онлайн көріп отырған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, қоғамдағы мәселелерге назар аударуды өтінді.
“Кілең ығай мен сығай” деген осылар болар?! “Той жасау бұларға харам еді ғой”, “АЭС-ке бас ауыртпайтындар жиналыпты”, “Той емес, әртіспати болыпты”, “Ел мен жерді қорғайтын азаматтар той тойлап жүр”, – деп жазып жатыр көпшілік.