$ 498.34  519.72  4.85

Спорт федерацияларының ақшасын тексеретін комиссия құрылды

Бұл комиссия спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастырады деген үміт бар.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда спорт федерацияларының ақшасын тексеретін комиссия құрылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Бұл комиссия спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастырады деген үміт бар.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездескен кезде спортта басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруды, оның ішінде өңірлерде спорт түрлерін қаржыландыру саясатын айқындауды тапсырған болатын», - деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.

Министрлік дәл осы тапсырманы орындау үшін жұмыс тобын құрған.

«Жұмыс тобы республикалық федерациялардың қызметіне талдау жүргізіп, олардың қаржыландыру тәсілдерін қайта қарайды. Сондай-ақ спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру тетіктерін пысықтайды. Сонымен қатар басым спорт түрлерін нақтылау, өңірлердегі спорт саласына жауапты басқарма басшыларын тағайындауды уәкілетті органмен келісу секілді ұсыныстар береді», - деп жазған министрлік ресми ақпаратында.

Дереккөзге сүйенсек, жұмыс тобының құрамына министрлік пен аймақтық дене шынықтыру және спорт басқармаларының қызметкерлері енді. Қазір олар өңірлерді аралап жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары