$ 494.87  520.65  4.91

Жетім жігіт үйленбес бұрын қай рудан екенін тест арқылы білген

Ал бұл қазақ дәстүріне сай жеті атадан асқанша туыстық байланысы барлар үйлене алмайды деген қағиданы бұзуы мүмкін еді.

Фото: Құрманғазы атындағы облыстық мәдениет орталығы
Фото: Құрманғазы атындағы облыстық мәдениет орталығы

ДНҚ тесттерін адамдардың туыстық қатынастарын анықтау үшін қолданады. Осы ретте Қазақстандағы генетика және физиология институтына әлдеқайда күрделі тапсырманы шешу керек болды. Себебі олар балалар үйінде тәрбиеленген қазақ жігітінің руын анықтап берді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Егер күйеуі әйелінің адалдығына күдіктенсе, әке екенін анықтау қиын емес – мұндай тесттер әлемнің көптеген елінде ұзақ уақыттан бері қолданылады. Генетиктер тексеру кезінде екі жақтың биоматериал үлгілерін алу жеткілікті екенін айтады. Мұнда қазақ жігітінің басынан өткізген оқиғасын мысалға келтіруге болады.

Жігіт жетім өскендіктен оған өзінің шежіресін білу қиынға соққан. Себебі ешкім оған ата-бабаларының тарихын айтып бере алмаған. Ержеткеннен кейін ол өз сүйіктісін кездестірді. Алайда жас жұптың алдында күтпеген кедергі тосып тұрды. Осы кезде қыздың әкесі тұрмысқа беруге қарсы шықты. Өйткені жігіт руын айтып бере алмаған. Ал бұл қазақ дәстүріне сай жеті атадан асқанша туыстық байланысы барлар үйлене алмайды деген қағиданы бұзуы мүмкін еді.

Бұдан кейін ғашық жігіт ғылымның көмегіне жүгінді. Осы сәтте институт қызметкерлері жігітке көмектесіп, оның Дулат руынан, яғни Ұлы жүздің құрамынан екенін анықтады. Қыздың әкесі мұны естіген соң, бірден некеге келісімін берді. Осылайша, қазіргі заманғы ғылым жаңа отбасының құрылуына септігін тигізді.

Қазақстандық ғалымдар қазақ геномын зерттейді, соның ішінде жүздер мен рулар арасындағы айырмашылықтарды да қарастырады. Жалпы, генетика және физиология институты ДНҚ талдауымен айналыспайды және мұндай қызметті алғысы келетіндерді арнайы орталықтарға жібереді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 87
Ұнамайды 4
Күлкілі 5
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары