$ 489.06  536.21  5.05

«Лас жолмен байымай-ақ қойыңдаршы»: Журналист арақ сататын қазақтарға ашуланды

Бір құты арақ пен пиво, бір грамм есірткі миллиондаған жастың тағдырын құртуда.

Фото: Бибігүл Дәулетбекқызының фейзбуктегі парақшасынан
Фото: Бибігүл Дәулетбекқызының фейзбуктегі парақшасынан

Танымал журналист әрі тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек ішімдік сатып, сауда жасайтын қазақтарды сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол халықты өзбектер сияқты тандыр сатып, алғыс айтуға шақырды.

«Спирттік ішімдік сатқандарды өз басым сыйламаймын! Не десеңдер, о деңдер! Қаншама отбасылар осындай арақ, пиво ішіп, есірткі шегіп, отбасыларының ойранын шығаруда. Арақ зауыты болған, ағайынды БМ-нің тағдыры немен аяқталды?

Бір құты арақ пен пиво, бір грамм есірткі миллиондаған жастардың тағдырын құртуда…Сол үшін, осындай лас жолмен байымай-ақ қойыңдаршы, сендерге берер ақылым.

Есесіне өзбектер сияқты тандыр наныңды сатып, алғыс алсаңдаршы», — деп жазды журналист желідегі парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары