СҚО Алтынсарин ауданында орналасқан «Мерей» лагеріндегі балалар жаппай тамақтан уланған. Олардың 40-на алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілсе, төртеуі Қостанай қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды деп хабарлайды Baq.kz.
Жергізлікті «Қостанай таңы» газетінің жазуынша, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Азамат Қамшымбаев қазіргі таңда қажетті сынамалар алынып, зертханаға жіберілгенін айтып отыр. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болмақ. Әрі лагердің санитарлық мекемелерден рұқсат беретін арнайы құжаты да болмаған дейді. Сонымен бірге қылмыстық іс қозғалып, лагердің жұмысы уақытша тоқтатылғанын айтты.
Демалыс үйінің директоры Ғабит Құсайынов мұндай келеңсіздіктің орын алғанына өкінішін білдірді.
— Балалардың жаппай улануы аяқ астынан болды. Рұқсат құжаттарына келсек, заңнан хабарсыз болудың салдарынан естен шығып кетті, —дейді Ғ.Құсайынов.