$ 488.11  530.09  5.01

Токсикозбен барып табытпен қайтты: Жамбыл облысында ауруханаға түскен жүкті әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Төртінші рет ана атанғалы отырған науқасты гинекология бөлімінің басшысы Замира Ашилова 8 қаңтар күні Айгүлді гинекология бөліміне орналастырған.

Фото: vk.com/Aigul Aitugankyzy
Фото: vk.com/Aigul Aitugankyzy

Жамбыл облысы Жуалы ауданының аурханасына токсикозбен түскен Айгүл Айтуғанқызы медициналық мекемеде 12 күн жатып қайтыс болды. Дәрігерлердің қателігінен жақыны жан тапсырды деген марқұмның туыстары тәуелсіз сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр. Аурухана дәрігерлері болған жағдайға өздерні кінәлі санамайды, ал полиция тарапынан еш әрекет жоқ. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айгүл Жуалы аудандық ауруханасына 8 айлық жүктілік кезінде токсикозының асқынған кезінде түскен. Төртінші рет ана атанғалы отырған науқасты гинекология бөлімінің басшысы Замира Ашилова 8 қаңтар күні Айгүлді гинекология бөліміне орналастырған. Кейін ол науқасқа “ксилол” деген дәрілік затты алдыртуды тапсырған. Айгүл дәріні күйеуіне алғызбақ болады. Алайда перепаратты сатып алуға барғанда дәріханадағылар “ксилолдың” химиялық зат екенін айтқан. Сондай-ақ фармацевт ер адамнан дәрінің атауын тағы бір нақтылап алуын сұраған. Маманның “Мүмкін ксилол болар?” деген болжамы расталып, Айгүлдің күйеуі дәріні әйеліне апарып берген. Ол 14 қаңтар күні әйеліне үш бөтелке “ксилат” алып, оны медицина қызметкерлері арқылы беріп жіберген. Кейін Айгүл тағы “церукал” препаратын алдыртуын сұратқан. 

“Мен келіп, оған бірнеше рет хабарластым. Ол тұтқаны алмады. Әдетте ол өйтпейтін. Сөйтсем оның жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырыпты. Үш рет жүрегі тоқтап қалған. Тараздан санавиация шақыртыпты. Ал бұл туралы бізге ештеңе айтпаған”, – дейді Айгүлдің күйеуі. 

Марқұмның жақындары дәрігерлерден қателік кеткенін түсініп, олардан емдеу хаттамасын сұратқан. Алайда олар бермей қойған. Кейін “ксилаттың” токсикозды емдеуге қолданылмайтыны белгілі болды. Ал дәрігерлер препаратты емдік мақсатта қолданбағанын, тіпті үш бөтелкенің ашылмағанын айтып, суретке түсіріп жіберген.

Күйеуінің Айгүлге жіберген суретіндегі “ксилат” пен дәрігерлер жіберген суреттегі “ксилаттың” айырмашылығы бар болып шықты. Ер адам сатып алған дәрінің сериясы AV 212/1-1, жарамдылық мерзімі 27.10.2024 жылға дейін, ал дәрігерлер жіберген препараттың сериясы AV 13/1-2, оның жарамдылығы 31.01.2025 жылға дейін жетеді. Осылайша дәрігерлер препаратты ауысытып қойған. 

“Айгүл ауруханаға түскен соң 12-ші күні қайтыс болды. Оны гинеклогтан басқа ешқандай дәрігер қараған жоқ. Бізге берген алғашқы қорытынды бойынша, “оның асқазанынан нитриттер табылып, уланып қайтыс болды” делінген.  Бірақ оның асқазанынан да, қанынан да, басқа дене мүшелерінен де нитрит табылмады. Аудандық ауруханадағы медициналық қызметкерлердің дұрыс ем-дом жасамағандықтан сіңлім қайтыс болды деп ойлаймын. “Ксилаттан” кейін тәуелсіз сот-медициналық сараптама жасаттық. Қазір соның нәтижесін күтіп жүрміз”, – дейді Айгүлдің әпкесі Мәншүк Мамбетова.

Облыстық полиция департаменті Жуалы ауданы орталық аудандық ауруханасында науқастың қайтыс болу фактісі бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес ("Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғу") іс тергеліп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бұл жағдай бойынша талдау жүріп, гинекология бөлімінің меңгерушісі Зарина Ашилова сөгіс алды. Қазір Зарина Ашилованың зейнетке шығуына байланысты, ол қызметтен кетті. 

“Үлкен қызы анасының жоғын түсінеді. Жасы небәрі 8-де болса да, ерте есейіп кетті. Сіңлімді 20 қаңтар күні жерледік, 21 күні оның ұлы екі жасқа толды. Айгүлдің 4 жастағы қызы мен ұлы анасын іздеп, сұрайды”, – дейді Мәншүк Мамбетова.

Сондай-ақ аудандық аурухананың дәрігерлері Айгүлдің күйеуіне емес, ата-анасына барып, шу шығамауын сұрап, материалдық көмек ұсынған. Алайда отбасы бұдан бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 12

Серіктес жаңалықтары