$ 495.2  522.34  4.94

Алматыда Lenovo компаниясы директорының мәйіті табылды

Полиция департаментінің мәліметінше, ол зорлық-зомбылықпен өлтірілген.

Фото: Іnstagram.com/yermek
Фото: Іnstagram.com/yermek

Алматы облыстық полиция департменті баспасөз қызметі із-түзсіз жоғалған Lenovo компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Ермек Жақыпжановтың өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпара  ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам 9 қазан күні таңертеңнен бері байланысқа шықпаған.

"10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр ауылының шетінде зорлық-зомбылықпен өлтірілген, бір күн бұрын Алматыда хабар-ошарсыз кеткен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады", - деді полиция.

Белгілі болғандай, Ермек Жақыпжанов – Lenovo компаниясының Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы мемлекеттік институттармен жұмыс жөніндегі директоры болып жұмыс істеген. 

Қарағанды ​​облысының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себебін объективті зерттеу үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары