$ 490.84  536.88  5.04

«Жолды жауып тастаған»: Талғардағы кафелердің бірінде атыс болды (ВИДЕО)

Оқиғаға қатысушылардың бәрі полицияға жеткізілді. 

Фото: freepik
Фото: freepik

Әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы кафелердің бірінің алдында атыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Ауылдастар, Талғарға барсаңыздар басқа жолмен барыңыздар. «Бастау» кафесінің алдында атыс болған. Көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр. Жолды жауып қойған», - дейді видео авторы.

«Бастау» кафесі Талғар тас жолында, Тұздыбастау ауылында орналасқан. Жол бойынан бірнеше патрульдік полиция көлігін көруге болады.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың бәрі полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алматы облысының Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары