$ 495.2  522.34  4.94

Антикор қазақстандықтарға мессенджерлердегі алаяқтар туралы ескертті

Ведомство осындай қоңыраулар мен хабарламаларды алғанда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды ескертті.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Антикор мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап және жолдап жатыр. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Ведомство осындай қоңыраулар мен хабарламаларды алғанда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары