Онда қазақстандық командалар «Спортинг» (Португалия) және «Халадаш» (Венгрия) клубтарымен кездеседі.
Алматылық «Қайрат» биыл футзалдан Қазақстан суперкубогының иегері болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Суперкубокта «Қайрат» командасы «Семей» клубын 3:1 есебімен жеңді.
Енді «Семей» және «Қайрат» клубтарының футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңнің төртінші тобындағы ойындарға қатысады. Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің ойындары 22-27 қазан күндері Алматы қаласында өтеді.
Онда қазақстандық командалар «Спортинг» (Португалия) және «Халадаш» (Венгрия) клубтарымен кездеседі.
Айта кетейік, әрбір топтан үш үздік команда жарыстың элиталық кезеңіне шығады.