12.10.2024, 10:30

Талғарда қаскөйлердің қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың үйін өртеп кетті (ВИДЕО)

Фото: pixabay.com

Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Талғарда жауыздықпен қайтыс болған 16 жасьағы Шерзат Болаттың үйі сенбіге қараған түні өртеніп кетті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 

Куәгерлер өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үйдің толығымен жанып кеткенін жазуда.

Аталған оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары мен оған әкелуі мүмкін себептері анықталуда», - делінген хабарламада.