$ 488.26  530.54  5.03

Атырауда 8 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен

Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Фото: today.kg
Фото: today.kg

Атырауда 8 жасар қыздың үстіне қақпа құлап кеткен. Оқыс оқиға 8 қазан күні болған. Сегіз жасар қыздың үстіне қақпа құлап, бүлдіршін ауыр бас ми жарақатын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мектеп оқушысы жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Қазір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"8 қазанда болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", – делінген хабарламада. 

Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс ”қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету” бабы бойынша қозғалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары