Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.
Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.