$ 484.11  528.79  5.03

Ақтауда оқушылардың бірін-бірі таптап кете жаздаған сәті видеоға түсіп қалды

"Кім жауапты? Неге кіріп-шығатын жеке есік жасамасқа?" – деп наразы болды ата-аналар.

Ақтаудағы 19-шағын аудандағы жаңа №24 мектептің оқушыларының ата-аналары балалардың бірін-бірі білім ордасына кірер кезде таптап кете жаздаған сәтін видеоға түсіріп алды. Олар биліктен шара қолдануды сұрады. Жағдайға қатысты түсініктеме Ақтау қалалық білім бөлімі берді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Балалардың ата-аналары мұндай кептеліс тек бір кіреберісте ғана болатынын, ал қосалқы есіктердің пайдаланылмайтынын айтады. Олар білім бөлімінен бұл мәселені шешуді сұрайды.

"Кім жауапты? Неге кіріп-шығатын жеке есік жасамасқа?" – деп наразы болды ата-аналар.

Ақтау қалалық білім бөліміндегілер 12 қазан күні сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін мектепте жұмыс істейтін жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету бойынша семинар ұйымдастырылғанын хабарлады.

"Семинар 25 минутқа созылып кеткендіктен, 2 және 3-сыныптардың сынып жетекшілері өз оқушыларын уақытында кіргізіп, мектеп алдына қарсы алуға үлгермеген. Осы уақытта, сағат 13:50-ден 14:00-ге дейін, даярлық сынып оқушылары шығып жатқанда, ал 2 және 3-сынып оқушылары мектепке кіріп жатқан. Осы кезеңде сығылысып қалған. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды. Қазір бастауыш сынып оқушылары үшін екі кіреберіс ашылды. Біреуі кіруге, екіншісі шығуға арналған. Оқушылардың қауіпсіздігін кезекшілер мен сынып жетекшілері бақылайды", – делінген білім басқармасының хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары