14.10.2024, 02:30

Семейде қоқыстан денесін күйік шалған сәби табылды

Фото: musavat.biz

Оқиға 13 қазанда болған.

Семейде қоқыс жәшігінен денесінің 80%-ы күйіп қалған жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Оса Семей» басылымының дерегінше, оқиға 13 қазанда болған.

«Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, іс Абай облысының прокуратурасының арнайы бақылауына алынды», – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Хабарламада сәби 12:00 шамасында табылып, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілгені айтылған. Алдын ала мәліметтер бойынша табылған сәби – шамамен бір күндік қыз бала.