$ 488.11  530.09  5.01

«20 адам үш жасөспірімді ұрып-соққан»: Полицейлер Тараздағы төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Облыстық ПД мәліметінше, бұл іске кәмелетке толмаған тағы 4 баланың қатысы бары тексеріліп жатыр.

Фото: qazaqstan.tv
Фото: qazaqstan.tv

Әлеуметтік желіде Таразда 20 адам үш жасөспірімді соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Жамбыл облысының полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әлеуметтік желіде тараған «20 адам 3 жасөспірімді ұрды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді полиция қызметкеткерлері.

 Бір топ адам жасаған бұзақылыққа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланды. 14 пен 16 жас аралығындағы 3 күдікті анықталды.

Облыстық ПД мәліметінше, бұл іске кәмелетке толмаған тағы 4 баланың қатысы бары тексеріліп жатыр.

«Зардап шеккендердің тізімінде екі адам бар - 13 жастағы жасөспірім мен 21 жастағы жасөспірім. Олардың жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары