Бұл парақшаны ашудың басы-қасында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бар.
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың әкесінің атынан жалған парақшалар ашылып кеткен. Олар өз реквизиттерін ұсынып, халықтан ақша жинамақшы болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде Шерзаттың атына justice_for_sherzat атты парақша ашылды. Бұл парақшаны ашудың басы-қасында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бар. Ол Шерзаттың әкесінің атына ашылған парақшалардың жалған екенін айтты.
Сонымен қатар "митинг болады" деген ақпараттың жалған екенін алға тартты. Айтбек Амангелді митинг тек жағдайды ушықтыратынын жеткізді.