«Қажымұқан» фильмі 10 қазаннан бастап көрермен назарына ұсынылды.
Белгілі кәсіпкер әрі бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила режиссер Қанағат Мұстафиннің «Қажымұқан» фильмін қатаң сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қажымұқан фильміне келдік. Мектепте 4-5 класта қойылатын спектакль деңгейінде екен. Кино деп айтудың өзі ұят. Масқара!
Базарда тәшкі итеріп жүрген, өмірінде 2 кітап оқымаған біреулер түсірген сияқты», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Еске салсақ, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған «Қажымұқан» фильмі 10 қазаннан бастап көрермен назарына ұсынылды.