$ 494.87  520.65  4.91

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде қарсыласын ойсырата жеңді

Бір сағат 7 минутқа созылған матчта Путинцева эйс жасамағанымен, 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Доулхайд 2 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 100-орында тұрған америкалық Кэролайн Доулхайдпен шеберлік байқасты.

Бастапқыда Доулхайд 2:0 есебімен алға шықса, содан кейін Путинцева қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:2, 6:0.

Бір сағат 7 минутқа созылған матчта Путинцева эйс жасамағанымен, 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Доулхайд 2 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя немесе рейтингіде 60-орындағы қытайлық Ван Яфаньның біреуімен таласады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары